Егемендік – ғасырлар бойы рухы жасымай арпалыса білген күрескер ұлттың жаны мен тәні. Осы жолда қаншама ақ шейіттердің қаны төгілді. Басы ноқтаға симаған еркін елдің көз жасы көл болып ақты. Тордағы жолбарыстай аласұрды. Ақыры «теміртаяқтан тебендей, темір етіктен теңгедей» қалғанда аңсаған күнге қо