Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Алматыда жекпе-жек алдында салмақ өлшеу салтанатты рәсіміне киген костюмінің мән-жайын түсіндіріп, отандастарының сынына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz. 10 желтоқсанда танзаниялық Лулу Кайагеге қарсы жекпе-жегі қарсаңында Лукас сақ патшайымы Томириске ұқсас жауынгер кейпінде өлшеу рәсімі мен face-to-face рәсіміне қатысты. Алайда, әлеуметтік желілердегі кейбір қазақстандық жанкүйерлер отандық спортшыны осы киімі үшін айыптады.