Қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін eGov mobile қосымшасы арқылы көре алады. Барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. Дәрі-дәрмектерді тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емделу туралы мәліметтер және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балалар туралы ақпарат eDensaulyq бөлімінде қолжетімді болады.