Қарағанды облысындағы Сарышаған ауылының маңында орын алған жол апатынан 2 дәрігер қаза туып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Министрлік мезгілсіз көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен