Батыс Қазақстан облысындағы жанжал ушығып барады. Бұған дейін аудандық әкімдік қызметкері 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Бұл туралы жәбірленушінің әкесі айтқан. Кейінірек жасөспірімнің анасы шағымы жоқ екенін мәлімдеп, қызы интимдік қатынасқа өз еркімен түскенін айтқан. Алайда енді әкесі қайтадан ашық мәлімдеме жасап, жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін екенін, істі «жабуға» тырысып жатқанын айтты. Ulysmedia.kz қазіргі таңда белгілі болған деректерді жинақтады.
«Екі қызды зорлады» - БҚО-дағы шенеунікке қатысты тың деректер белгілі болды
Жаңалықтар