Екібастұз ГРЭС-1 аумағында электр тогы соғуынан 42 жастағы ер адам көз жұмды. Алайда марқұм электр станциясы қызметкері болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Irbistv.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға қалай болды Ресми ақпаратпен Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері бөлісті. Ведомство мәліметінше, оқиға 19 қараша күні Екібастұз ГРЭС-1 аумағында болды. Ер адам тоққа түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан. …