Таңғы серуен қала тұрғыны үшін нағыз детективке айналды. Екібастұз қаласының тұрғыны әдеттегідей таңғы сағат 07.00-дн итін серуендету үшін далаға шыққан. Келіншек М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында сыртынан ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқаған. Жүрегі аузына тығылған қала тұрғыны бірден полицейлерді шақыртқан. Өзінде телефоны болмағандықтан, жақын маңдағы автотұрақ қызметкерлерінен сұрапты, деп жазылған polisia.kz сайтында.