Экология және табиғи ресурстар министрі елімізде ауа сапасы өте лас 10 қаланы атады. Бұл туралы ведомствода өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайдыЭкспресс К. Министрлікте өткен кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Зүлфия Сүлейменова өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Ол өз баяндамасын экология мәселелерінен бастады. Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей,