Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың рация арқылы айтқан соңғы сөздері туралы айтты. Сүлейменова көз жұмған азаматтардың жақындарына көңіл айтып, өрт басталғанда бірінші болып оқиға орнына орманшылардың аттанғанын мәлімдеді. Алайда 8 маусымда олар байланысқа шығуды доғарған. Кеше 14 адамның мәйіті табылды. Біз 8 маусымда 21:00-ден кейін, 22:00-ге таяу байланысты