Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарына қатысқан мердігерлер тұрғындардың шағымынан кейін жауапқа тартылды. Қала тұрғындары жүргізілген жұмыстар салдарынан қатты шаң көтерілгенін айтып, наразылық білдірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Жобаның бас мердігері – «Павлодар өзен порты» АҚ. Бұл компания бұрынғы мәжіліс депутаты әрі президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған Мейрам Пшембаевтың отбасымен байланысты.