Петропавлда елдің бүтіндігін бұзуды насихаттап, ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Liter.kz. Қылмыстық іс «телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, адамдар тобы жасаған Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды және мемлекетті ыдыратуды насихаттау» бабы (ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігі) бойынша қаралды. Сот материалдарына сүйенсек, 2022 жылғы 11 желтоқсанда елімізді