2023 жылдың 7 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша» экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Антикордың ресми ақпаратына сәйкес, Н.Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды