Қазақстандықтар заңды түсінбей «Елбасы» сөзін қолданып жүр. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов айтты. Қазір Ата заңда «Елбасы» сөзі жоқ. Конституцияны тікелей қолдануымыз керек. Ертең басқа қандай заңдар шығады, «Тұңғыш президент туралы» заң қашан күшін жояды деп күтудің керегі жоқ. Сондықтан «Елбасы» терминін ақпарат саласындағылар, мемлекеттік органдар пайдаланбауы керек. Бұл түсінбегендіктен болып отыр, деді