Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram каналында жазды. Бүгін Конституциялық кеңес ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына оң қорытындысын берген. Ерлан Кариннің жазуынша, бұл – ел мен ұлт болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі болмақ. …