Күні кеше миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы оған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Бұл жаңалық желіде қызу талқыланды. «Таутауға қараған күндерің құрысын, Қытайда миллиардтарды мойындатқан Риза Әлімжан деген актрисаны неге шақырмайды?» деп шенділерді сынға алғандар бар. Қазақстандықтар ел туризмінің амбассадоры болуға лайық деп есептейтін қандасымыз жайлы не белгілі? Rayza есімен танылған актриса Қытай киноиндустриясын қалай бағындырды? Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.