Қазақстан ресейлік әртістер үшін майшелпек мекен екені жасырын емес. Әсіресе соғыс басталғалы бері ресейліктерді көргісі келетін елдер саны азайғанда Қазақстан өнерпаздар үшін жұбаныш болып отыр. Алайда соңғы кездері ресейлік әртістер даулы жағдайларға жиі түсіп, елді шулатып кетіп жүр. Соңғы бірнеше күнде Қазнет Инстасамка есімімен белгілі блогердің күйеуі Алматыдағы концертте көрерменді боқтағанын талқылап жатыр. Әлеуметтік желілерде