Қазақстанда кәсіптік ауруларды анықтау, емдеу және олардың алдын алу тәртібі жаңарды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Zanger Telegram арнасына сілтеме жасап. Жаңа стандарт еңбек жағдайының адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға, кәсіптік ауруларды дер кезінде анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған. Құжатта медициналық көмек көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптар, кәсіптік ауруларды диагностикалау тәртібі және жұмыс берушілердің міндеттері нақтыланған. …