Күрделі төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мамандарға жалақысына қосымша ақы қосылуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Экономика және Қаржы министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру туралы премьер-министрге хат жолдадық. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерекше жұмыс қиындықтары үшін қызметкерлер қосымша ақша алатын болады.