2022 жылы резидент еместердің елдің банк жүйесіндегі қаражатының жиынтық көлемі 3,2 есе, 0,7-ден 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы осындай мәліметтерді беріп отыр. Осылайша, резидент еместер жүйеде өтімділіктің барлық өсімінің үштен бірін (29%) құрады (барлығы 5,4 трлн, резидент еместер — 1,6 трлн). Соған қарамастан, жүйеде резидент еместер қаражатының үлесі 10%-дан (7,5%) төмен қалды.