Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Ыстамбұлдағы үйінде Түркия қазақтары жиі қонақ болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Түркиядағы үйінің ауласын, демалатын орнын көресетті. Сенбі, жексенбі күндері бұл жерге Ыстамбұлдағы қазақтардың барлығы жиналады. Бассейнге түседі, кәуап пісіріп, демалады. Сол себепті көп адамға арнап алдық. Мен кезінде жоқшылықты көп көрдім. Осындай мейірімге қатты мұқтаж болдым.