Мемлекет бюджетінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың маусымы басталуға жақын. Осыған байланысты алдын алу шаралары басталып кетті. Вакцина аймақтарға 20-25 қыркүйекке дейін жеткізіледі. 1 қазаннан бастап халықты жаппай егу науқаны басталады. Бюджет есебінен егілетін халық тобы: жиі ауыратын балалар; диспансерлік есепте