Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім берудегі бірқатар проблема анықталды. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан колледждер анықталды. Бұл – Қостанай облысы Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысы А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе