Биылғы ІІ тоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда 9 115,1 мың адам экономиканың түрлі саласында жұмыспен қамтылған, деп жазады inbusiness.kz. Олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер 6 945,8 мың адам болса, 2 169,3 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 144 мың адамға, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер есебінен 104,1 мың адамға, өз бетінше