Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбейгенін айтты. Енді жалған нөмірлер бұғатталады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстанда интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау бойынша 2016 жылы 1 мың дерек, 2021 жылы 21 мың дерек тіркелген.