Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ал бұған дейін осы қызметті атқарып келген Сәкен Мансұрұлы Бекжанов орнынан босатылды.