«Қазгидромет» ел аумағында біртіндеп температура көтерілетінін хабарлады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Елдің солтүстігі, орталығы мен шығысы әлі де солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, сондықтан мұнда ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады, ал түнде 5 градусқа дейін