Қазақстанда электромобильдерге тегін автотұрақ беріледі. Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәлі Мұқатаев айтты. Шара экология мәселесін шешу, халықты электромобильдерді пайдалануға ынталандыру үшін жасалып отыр.