Елімізде соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балалар саны 2 есе артқан. Оған генетикалық мутацияның салдары басты себеп. Ресми мәлімет бойынша, 2021 жылы 13 мыңнан аса сәбиге осындай диагноз қойылған. Ал 2022 жылы 100 мыңға жуық бала түрлі дертке шалдыққан. Бірінші орында туабітті даму кемістігі, одан кейін хромосомалық ақаулар, жүйке жүйесі аурулары, психикалық даму ақаулары бар