Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін самокатты басқару үшін A1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Сонымен қатар электр самокаттарға қосымша адам отырғызуға, жүк тасымалдауға және тіркеме ілуге тыйым салынады. Бұл талап Қазақстанның жаңа стандартына «электрсамокат» ережелері болып енгізілді. Құжатта электрсамокат – электр көліктері деп жазылған.