Елімізде автокөлік саны бір жыл ішінде 8,4 пайызға көбейіп, биыл сәуірдің соңында 4,1 млн-ға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ranking.kz порталының мәліметінше, өсім барлық жыл санаттары бойынша байқалады. Дегенмен, шыққанына 3 жыл болмаған көліктердің елеулі өсімі тіркеліп отыр.