Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламентке жаңа Су кодексінің енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Қошановтың айтуынша, қазіргі кезде су ағындары мен су айдындарының режимін зерделеу үшін небәрі 310 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Жалпы, мұндай бекеттер 800-ден асуы қажет. Ол сондай-ақ су шаруашылығы инфрақұрылымы әртүрлі мемлекеттік органдардың қарауында екенін айтты. Спикердің сөзінше, бұл су ресурстарына қатысты тиімді саясат …