Жобаға кем дегенде қазақстандық 300 жас қатыса алады деп хабарлады turkystan.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік жоба жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, коммуникация құруға арналған жаңа алаңдарды қалыптастыруға, жас журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. «Жобаның маңызды міндеттерінің бірі – жас журналистердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Медиа мамандарына онлайн форматта жұмыс істеу …