Қазақстанда алғаш рет көк түсті жол сызықтары пайда болады деп хабарлады turkystan.kz «Астана тұрақ кеңістігіне» сілтеме жасап. Пилоттық жоба әзірге елордадағы Нұржол бульварында іске қосылды. Жаңа жолақ түсі жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылған. Көк жолақ жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі. «Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. …