Елімізде жүзге жуық азамат темір тұлпарын жарнамамен сатуға шығарып, ерлі-зайыпты алаяқтардың арбауына түсті. Кепілдікте тұрған көліктерінің екі-үш айда несиесін жауып, өз атыма заңдастырамын деген айлакерлер сенімхат алып алады екен. Артынша ізім –ғайым жоғалып, машинаны үшінші адамға құжатсыз, қолма-қол ақшаға саудалайды дейді зардап шеккендер. Осылайша не көлігін, не ақшасын ала алмаған жұрт қазір қарызға белшесінен батып