Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 501,5 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде маусым айында 516,7 мың отбасына 31,6 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан …