Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында күнбағыс майын өндіру 197,3 мың тоннаны құрады деп хабарлады turkystan.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға артық. Оның ішінде тазартылмаған күнбағыс майы131,4 мың тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 61,3%-ға артық. Тазартылған күнбағыс майына тиісінше 65,9 мың тонна болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз. …