Шындық жоқ жерде сұмдық көп! Қостанайда әуре болғысы келмеген жүргізуші мүгедек арбадағы жігітті автобусқа кіргізбей қойған. Ал Алматыда авиакомпания қызметкерлері денесі сал болған мүгедек жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Арнайы қозғалыс құралын бортқа кіргізу қиындық тудырған көрінеді. Жақында ғана Конституция күнін тойладық. Сол еліміздің негізгі заңнамасында барлық адамдардың құқықтары тең екені көрсетілген. Бірақ бұл тек