Подкаст саласы Қазақстанда біртіндеп дамып, тыңдарман қатары күн санап артып келеді, деп жазады Forbes.kz. Сарапшылардың айтуынша, дәл қазір еліміздегі подкастерлер саны мен тыңдалым бойынша статистика, бұл өнімді монетизациялау жолдары немесе бұл сегментте шоғырланған қаражат ауқымы бойынша нақты ақпарат жоқ. 2022 жылдың қыркүйегінде Muck Rack медиа платформасы бірнеше елде жүргізген State of Podcasting сауалнамасының нәтижесіне сүйенсек, әлем бойынша