Жыл басынан бері сарымай бағасы 15%-ке дейін өскен. Оның ішінде, Маңғыстау облысында бірден 29%-ке қымбаттады. Energyprom.kz зерттеуін ұсынамыз. Жыл басынан бастап шілде айына дейін елімізде 13,9 мың тонна сарымай өндірілді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ке аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9%-ке өскен. 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында отандық май зауыттары сарымай сұранысының 71%-ін қанағаттандырды.