Енді eGov Mobile мобильді қосымшасынан цифрлық төлқұжатты жүктеуге болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Оның айтуынша, азаматтар әзірге цифрлық төлқұжатты Қазақстан аумағында жеке басын куәландыру үшін қолдануға мүмкіндік бар. Цифрлық төлқұжат сіздің жеке куәлігіңіз жоғалған және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қажет болуы мүмкін.