Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады.