Вейп пен электронды темекінің ұлт саулығына келтіретін залалы кәдімгі темекіден асып түспесе, кем емес. Сондықтан оған болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін заңнамалық шаралармен қарсы тұратын уақыт жетті. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейп және түрлі электронды темекілерді ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел деп атап өтті. Ол электронды темекінің бәріне қолжетімді және оның зиянсыздығы туралы