Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Премьер-министр мен отырысқа қатысушылар бұрын жеке меншікке берілген жоғары білім саласындағы кейбір активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін талқылады. Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға шарттар жасасудың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Бұл ретте ол аталған мекемелерде оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды, өйткені бастамашылық