Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Барлығы 190 мыңнан астам абитуриент колледждерге оқуға түсті. Оның ішінде 133 мың жас мемлекеттік білім беру тапсырысы, 10 мың студент кәсіпорындардың өтінімі негізінде қабылданды.