Бас прокуратура еліміздің 49 ірі компаниясында қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады деп жазды turkystan.kz. Жұмыс берушілер өндірістегі 40-тан астам жазатайым оқиғаны жасырып қалған. Атап айтқанда, жарамсыз өрт дабылдары мен желдету құрылғылары, қорғалмаған электр қалқандары, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің болмауы сияқты кемшіліктер тіркелген. «Мысалы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС шахталарында жұмыс шатырды …