Елордадағы бас мемлекеттік ту Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ҚР заңына сәйкес 12 маусым күні сағат 00:00-ден бастап барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы тулар ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет.