Алдағы үш күнде Түркістан мен Жамбыл облыстарында су тасқыны болады деген дабыл қағылды. Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады. 2023 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Соған байланысты аталған аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.