Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Зияткерлік сайыстар 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында офлайн форматта өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 19 елінен 81 …