2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4 пайызды құрап, сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.