Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі баланы басып кетті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. «16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», #8211; делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.